"Көзін күштеп ашып тұрды": Солтүстік Қазақстан облысында алаяқтар ер адамды қинап атына несие рәсімдеген

895

Несие ер адамның еркінен тыс рәсімделген. 

 "Көзін күштеп ашып тұрды": Солтүстік Қазақстан облысында алаяқтар ер адамды қинап атына несие рәсімдеген Фото: Әлеуметтік желі

Суретте ер адамның көзін біреудің қолымен күштеп ашып тұрғанын байқауға болады. Бірақ ер адам осы қалпында сәйкестендіруден сәтті өткен, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ер адамға несие 2021 жылы өте оғаш жағдайда рәсімделгені анықталды.

Ол досымен темір жол өткелінде жұмыс істеп жүргенде, оларға өздерін Ресей азаматымыз деп таныстырған ер адамдар келіп, Қазақстан азаматтарының көмегімен сим-карта алғылары келетінін айтқан.

Осы оқиғадан кейін екі адамға да несие рәсімделгені белгілі болған: біреуіне 785 мың теңге, екіншісіне миллионға жуық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу