ҚР АШМ сібір жарасы туралы тараған ақпаратқа қатысты жауап берді

1224

Министрлік жалған ақпарат тарату заңмен қудаланатынын ескертеді.

ҚР АШМ сібір жарасы туралы тараған ақпаратқа қатысты жауап берді

Ақмола облысы тұрғыны сібір жарасын жұқтырды және қауіпті ауру таралды деп қоғамда резонас тудырып, халық арасына үрей әкелген ақпарат шындыққа жанаспайды. АШМ баспасөз қызметі осылай хабарлады.

"Ақмола облысындағы аталмыш факті бойынша ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті жүргізген зертханалық тексерулерінің нәтижесінде сібір жарасының қоздырғышы табылған жоқ. Осылайша, әлеуметтік желілерде дүрбелең тудырған ақпарат шындыққа жанаспайды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жалған ақпарат тарату заңмен қудаланатынын ескертеді",– делінген АШМ хабарламасында.

Ж. есімді облыс тұрғынына жалған ақпаратта айтылғандай сібір жарасы емес, "жоғарғы қабат тілмесі, орташа ауырлықтағы эритематозды буллез" деген диагноз қойылған.

ҚР АШМ жұртты дүрлікпеуге шақырады. Өткен жылы ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті, аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық қызметтерінің эпизоотияға қарсы іс-шараларды уақытылы жүргізген.

"2019 жылы 35,4 млн вакцина бөлініп, Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарлары сібір жарасына қарсы 100%-і егілді. Ағымдағы жылы тиісті вакцинаның 36,4 млн дозасын сатып алу жоспарланған", – дейді баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу