ҚР Қорғаныс министрлігі тікұшақ апатынан 13 адамның көз жұмғанын хабарлады

765

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырады.

ҚР Қорғаныс министрлігі тікұшақ апатынан 13 адамның көз жұмғанын хабарлады

ҚР Қорғаныс министрлігі ұшақ апатынан нақты қанша адам көз жұмғанын ресми хабарлады.

"Жауынгерлік міндетін атқару кезінде ҚР Қарулы күштерінің тікұшағының апатқа ұшырауынан оқу-жаттығу кезінде бортта болған 13 әскери қызметші көз жұмды. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің барлық жеке құрамы қаза тапқандардың туған-туыстарына қайғыра көңіл айтады. Қорғаныс министрлігінің басшылығы моральдық және материалдық көмек көрсету бойынша барлық шараны қолға алады", ­–  делінген министрліктің сайтында.

Бұған дейін таралған ақпараттарда 12 адам – үш экипаж мүшесі мен тоғыз әскери қызметші көз жұмды делінген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу