ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.
Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың перспективаларын талқылады.
Сонымен қатар Қазақстан Президентінің биылғы 14-15 сәуірде Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапарының нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы қарастырылды.
Өзбекстандағы Қазақстан жылының табысты өтуіне ерекше мән берілді. Оның аясында мәдениет, өнер және білім салалары бойынша ықпалдастықты жандандыру жөнінде көптеген шара ұйымдастырылды.