ҚР Президенттігіне үміткер Жұматай Әлиев мемлекеттік тіл сынағын сәтті тапсырды

628

Жұматай Әлиев Орталық Сайлау комиссиясына "Халық демографиясы" қоғамдық бірлестігі атынан құжаттарын тапсырған болатын.

ҚР Президенттігіне үміткер Жұматай Әлиев мемлекеттік тіл сынағын сәтті тапсырды

Президент сайлауына үміткер Жұматай Әлиев мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі бойынша емтихан тапсырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

 "Лингвистикалық емтихан үш кезеңде өткізілді. Жазба жұмысы, қазақ әдебиеті классиктерінің шығармасынан үзінді оқу және кандидат таңдаған тақырып бойынша көпшілік алдында сөз сөйлеу. Емтихан аяқталған соң, комиссия кандидаттың жауабын талқылап, қорытындысын шығарды", – делінген хабарламада. 

Мемлекеттік тіл бойынша емтихан қорытындысын лингвистикалық комиссияның төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор Әділ Құрманжанұлы Ахметов мәлімдеді. 

"Кандидат "Түркістан – ер түріктің бесігі" тақырыбында жазба жұмысын орындады. Жұмыс мазмұны, стилі, емлесі, тыныс белгілері бойынша бағаланды. Екінші тапсырма бойынша Мұқағали Мақатаевтың "Аққулар ұйықтағанда" поэмасынан үзінді оқыды. Үшінші тапсырма бойынша "Адал еңбек – игілік көзі" тақырыбына көпшілік алдында сөйледі", – дейді ол. 

Емтихан қорытындысы бойынша лингвистикалық комиссияның екі мүшесі қалыс қала отырып, кандидат Жұматай Әлиұлы Әлиевтің мемлекеттік тілді меңгергендігі туралы көпшілік дауыспен шешім қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу