Қатардағы ахуал бейбіт тұрғындар үшін қауіпсіз

103

Қазақстан Республикасының Қатар мемлекетіндегі елшілігі мәлімдеме жасады.

Қатардағы ахуал бейбіт тұрғындар үшін қауіпсіз  Фото: news.sky.com

Қазіргі уақытта Қатар елінің әуе кеңістігі толықтай жабық, деп жазады inbusiness.kz айты.

– Құрметті Қатардағы Қазақстан Республикасының азаматтары! Қазіргі уақытта Қатардағы ахуал бейбіт тұрғындар үшін қауіпсіз. Дүрбелеңге салынбауды, қауіпсіз жерде қалуларыңызды және жалпы қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз, – делінген Қазақстан Республикасының Қатар мемлекетіндегі елшілігі таратқан хабарламада.

Әуе қозғалысы қалпына келген бойда қазақстандық туроператорларға жаңа ұшу күндері туралы хабарланады. Тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.

– Елшілік жағдайды жіті қадағалап отыр және қажет болған жағдайда екі елдің жауапты органдарымен келісе отырып, қазақстандық азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қабылдайды. Жағдай тұрақталғанша қауіпсіз жерде қалуларыңызды өтінеміз, – делінген хабарламада.

Төтенше жағдай кезіндегі елшіліктің байланыс нөмірлері:

  • +974 4411 0527
  • +974 4412 8015
  • +974 5064 9955

Айта кетелік, Иран АҚШ-тың Қатар мен Ирактағы базаларына соққы жасап, жаңа операцияны бастады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу