Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Аслан Сабазұлы Абдраимов бұрынғы қызметінен босатылып, су ресурстары және ирригация вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аслан Абдраимов 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы жекеменшік компанияда бастаған. Әр жылдары құрылыс және логистика саласында жұмыс істеді.
2010-2024 жылдары — "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі директоры, интеграцияланған шешімдер департаментінің директоры.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу