"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы негізгі серіктестерінің бірі болып табылатын Иордан Хашимит Корольдігінде орын алған оқиғаны мұқият бақылауда. Қазақстан Король Абдалла II Иордания халқының әл-ауқатын жақсартуға, аймақтық тұрақтылық пен әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған саясатын қуаттайды. Қазақстан Иордания басшылығының ішкі саяси тұрақтылықты сақтау жолында қабылдаған шараларын толық қолдайды",– деп жазылған СІМ мәлімдемесінде.
Айта кетсек, 2017 жылғы қарашада Король Абдалла ІІ ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік атты алғашқы Назарбаев сыйлығымен марапатталған болатын.
Еске сала кетсек, Иорданияда бұрынғы тақ мұрагері, ханзада Хамза ибн Хусейн үйқамаққа алынған еді. Оған сыртқы күштермен бірлесіп, король Абдалла екіншіні тақтап тайдырып, төңкеріс жасауға әрекеттенді деген айып тағылған. Бұл туралы осы елдің сыртқы істер министрі Айман Сафади мәлімдеді.
Оның айтуынша, жалпы 20-ға жуық адам қамауға алынған. Олар ақпараттық арандатуға дайындалып, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндірген. Сыртқы істер министрінің мәлімдеуінше, бүлікшілер нақты іс-әрекетке кірісер кезде тұтылған.