ҚР Үкіметі заң жобалау жұмысының 2017 жылға арналған жоспарын қарастыруда

928

ҚР Үкіметі заң жобалау жұмысының 2017 жылға арналған жоспарын қарастыруда

ҚР Үкіметі ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өтіп жатқан отырыс барысында заң жобалау жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспарын қарастыруда, деп хабарлады primeminister.kz.

Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының ағымдағы жылға арналған жоспары Парламентке 26 заң жобасын әзірлеу мен енгізуді қарастырды. Дегенмен, жыл барысында қосымша түзетулер мен олар бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізудің қажеттігіне байланысты бірқатар заң жобалары алынып тасталды. Сонымен бірге, олардың 7 заң жобасы 2017 жылға арналған жоспарда жандандырылды.

ҚР әділет министрі М. Бекетаев қазіргі таңда Парламентке 28 заң жобасын әзірлеп, енгізуді көздейтін Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспарының жобасы әзірленгенін айтып өтті.

Айта кету керек, заң жобаларын әзірлеуге Мемлекет басшысы мен Үкімет басшылығының тапсырмалары, сонымен қатар құқықтық мониторинг қорытындысы негіз болып табылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу