ҚР Ұлттық банкі қанша алтын алғанын мәлім етті

963

ҚР Ұлттық банкі қанша алтын алғанын мәлім етті

ҚР Ұлттық банкі бағалы металл қорын толтыру үшін қанша көлемде тазартылған алтын алғанын жария етті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.

"Бағалы металдар активтерін толтыру үшін тазартылған алтынды алуға мемлекеттің басымдықты құқығын іске асыру аясында Ұлттық банкі 2014 жылы 827 мың троя унциясы мөлшерінде (25,7 тонна) және 2015 жылы 962 мың троя унциясы көлемінде (29,9 тонна) алтын сатып алды", – деп хабарлады ҰБ баспасөз қызметі агенттіктің ресми сауалына.

Ал 2016 жылы жинақталған таза алтынның көлемін Ұлттық банк алдағы уақытта жарияламақ, себебі қазіргі кезде тиісті есептеу шаралары жүріп жатыр.

"Ұлттық банк алтынды өндіру мен өңдетуді төмендету немесе арттыру шараларын реттемейді. Бұл мәселе бағалы металдарды өндіретін субъектілердің жеке жағдайларына байланысты", – дейді ҰБ өкілдері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу