Кредиторлық берешегі бар емханалар қарыздан қалай құтылады?

306

Денсаулық сақтау министрлігі медициналық ұйымдарда кредиторлық берешекті болдырмау мәселесін қатаң бақылауға алған. 

Кредиторлық берешегі бар емханалар қарыздан қалай құтылады? Фото: inbusiness.kz

Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегі мәселесін көтерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Осы ақпан айына сәйкес 58 млрд-қа жуық қаражат кредиторлық берешек екен. Оның ішінде 22 млрд-ы өтеу мерзімі өтіп кеткен. Көбінесе кредиторлық берешек мемлекеттік ауруханаларға тиесілі. Бұл қарызды қалай және қандай қаражатпен өтейсіздер?", - деп сұрады депутат Мәжілісте өткен комитет отырысында.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың сөзінше, қаражатты тиімді пайдалануға әрбір бас дәрігер жауап беретіндей деңгейге келтіру қажет.

"Кредиторлық берешекке байланысты айтатын болсақ, іштегі оптимизациядан пайда болған қаражатты тарифтерді көтеруге жібереміз. Тариф саясатын да қарайтын боламыз. Негізі осы жылдың аяған дейін толық кредиторлық қарыздарды жабу мәселесін қарастырамыз. Ең бастысы тарифтерге қаражат көзін тауып отырмыз. Екінші мәселе әрі қарай сол кредиторлық берешекті болдырмау мәселесін қатаң бақылауға алдық деп айтуға болады. Сондықтан емдеу мекемелерімен жұмыс істелініп жатыр. Негізі жеке медициналық мекемелердің ішінде рентабельдікке шыққандары бар. Сондықтан бәрін тарифтерден көруге болмайды. Ең бастысы қаражатты тиімді пайдалануды әрбір бас дәрігер, басқарма басшысы жауап беретіндей деңгейге келтіруіміз керек", - деді ведомство басшысы.

Айта кету керек, осыған дейін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова балалардың Ораза ұстауына қатысты мәселеге түсінік бергенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу