Мектеп оқушыларына Ораза ұстауға бола ма?

625

Баланың денсаулығы үшін уақытылы тамақтанудың маңызы зор.

Мектеп оқушыларына Ораза ұстауға бола ма? Фото: canva.com

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова балалардың Ораза ұстауына қатысты мәселеге түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жалпы алғанда баланың ағзасы тез дамиды. Олар өте көп энергия жұмсайтындықтан, зат алмасу да жоғары. Ол жұмсалатын энергияның орнын уақытылы толтырып отыру керек. Әр ата-ана осыны бірінші кезекте түсінуі керек. Меніңше, баланың денсаулығы үшін уақытылы, сапалы, теңгерімді тамақтанудың маңызы зор", - деп жауап берді министр. 

Ведомство басшысының сөзінше, 17 жасқа дейін балалар толыққанды тамақтану қажет.

"Егер ата-ана балаға рұқсат беретін болса, өзі мұқият қарауы керек. Бұл әр ата-ананың шешімі деп ойлаймын. Бірақ белгілі бір жасқа дейін бала толыққанды тамақтануы керек деп есептеймін. Меніңше, 16-17 жасқа дейін уақытылы тамақтанғаны маңызды", - деді ДСМ басшысы.

Айта кету керек, осыған дейін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елдегі дәрі-дәрмек бағасына қатысты пікір білдіргенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу