Кредиттен құтылуға өтініш бергендердің көбі көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты аналар

646

Кредиттен құтылуға өтініш бергендердің көбі көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты аналар. Алайда, сарапшылар "банкротттық туралы заң" қарызға белшесінен батқан борышкерлердің мәселесін біржола шешпейді дегенді алға тартты. Үкімет халықтың әл ауқатын көтеретін ұзақмерзімді шаралар қабылдау қажет,- дейді. 

Кредиттен құтылуға өтініш бергендердің көбі көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты аналар Фото: inform.kz

Қарыздың қарғыбауынан босағысы келетіндерден өтініш қабылдау жалғасып жатыр. Бүгін бесінші күн. Осы кезге дейін 12 мыңнан астам өтініш түскен. Борышкердің басым бөлігі Түркістан мен Алматы облысында болып шықты. Өзін банкрот деп танығысы келетіндердің қатары Алматы мен Астана қаласында да аз емес. Өзге өңірлерден 200-ден бастап 400-ге дейін өтінім түскен. Солтүстік пен Ұлытау облыстарында басқалармен салыстырғанда аз. 

"Негізі бүгінгі таңда құжат бойынша қиындықтар туындап тұр. Өйткені мемлекеттік қызметтің міндетіне жүктелмеген. Яғни қарыз берушілер,. Коллекторлар, банктер де өзінің талаптарын қою арқылы кішкене қиындатуы мүмкін. Жалпы қаржы нарығын бақылау агенттігінің тапсырмасымен банктер де барынша келген азаматтарға қолғабыс етуге тапсырма берілген болатын", дейді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары Айбол Аманов.

Өтінім бергендердің барлығының қарызы кешірілмейді. Әр азаматтың мәселесі 15 күн қаралады. Нақты жауап 1414-тен смс түрінде келеді. Қазір өтінім бергендердің көбі көпбалалы отбасылар мен жалғызбасты аналар екен. Олар қарыздан құтылудың басқа жолы жоқ деп есептейді. Ал сарапшылар Үкімет мәселені біржола шешетін шара қолдануы қажет деген пікірде. 

"Менің ойымша бұл қысқа мерзімді мәселе. Ертең күні бұл адамдар қалай күн көреді. Оларды жұмыспен қамту керек. Тұрақты табысы болу керек. Бала шағасын асырайтын мүмкіншілік болу керек. Сондықтан осы мәселені шешпей менің ойымша заңды іске қосылу екіталай", дейді Public Policy Research орталығының директоры, экономист Меруерт Махмұтова.

Мамандардың сөзінше, заңға әлі де толықтырулар енгізу қажет. Ал шын мұқтаж болмаса да қитқұрқылық жасап, өтініш беріп жатқандар жауапкершілікке тартылады. Ведомство өкілі олар оңай құтылмайтынын ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу