"Крокустағы" лаңкестік шабуылға қатысы бар Қырғызстан азаматы ұсталды

4019

”Крокус ситидегі” терактқа қатысты сегізінші күдікті бүгін сотқа жеткізілді. 

"Крокустағы" лаңкестік шабуылға қатысы бар Қырғызстан азаматы ұсталды

Әлішер Қасымов атты Қырғызстан тумасы террористердің жоспарынан бейхабар болғанын айтады. Тергеу мәліметтері бойынша, ол ұсталған күдіктілерге пәтерді жалға берген. Қасымовтың өзі пәтер өткізетін “Авито” қызметі арқылы ғана олармен байланыста болғанын айтады.

Еске сала кетейік, кеше Мәскеудің Басманский сотына тағы үш күдікті "Крокус Сити Холл” концерттік кешенінде террористік акт жасауға араласты деген күдікпен жеткізілген. Сот отырысы жабық режимде өтеді. Тергеу оларды тұтқындау туралы өтініш жасамақ.

Олардың бірі Диловар Исмолов террористерге делдал ретінде көмектесті деген айыппен күдікті. Ұсталғандар мінген "Рено” көлігінің түпкі иесі.

Тағы бір ұсталған Диловардың 62 жастағы әкесі Исроил Исмоилов және оның 33 жастағы ағасы Аминчон Саломов. Олар тағылған айыппен келіспейді.

Тергеу Диловар мен Аминчон 24 наурызда қамауға алынған Шамсиддин Фаридуниді қылмыстық топқа тартты деп санайды.

22 наурыз күні кешке Мәскеудегі Крокус-Ситиде теракт болды. Белгісіз біреулер концерт залына кіре берістегі күзетшілерге оқ жаудырған. Содан кейін олар фойедегі көрермендерді атты. Қаза тапқандар саны жүзден асып кетті. Бұл лаңкестік оқиға ТМД елдеріндегі соңғы жылдардағы ең ірі терактілердің бірі болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның құқық қорғау органдары қажет болған жағдайда Ресейдің құқық қорғау органдарына көмек көрсететінін айтты.

24 наурызда Мәскеудің Басманский аудандық соты "Крокус Сити Холлда" адамдарға шабуыл жасады деп айыпталғандарды қамауға алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу