КСРО паспортымен жүрген азаматтарға ішкі істер органына жүгіну қажет

890

Көші-қон қызметі комитетінің бөлім басшысы Ғани Шымырбаев азаматтығы анықталмаған адамдарды табу және құжаттандыру бойынша жүргізілген жұмыстың қорытындысын жариялады.  

КСРО паспортымен жүрген азаматтарға ішкі істер органына жүгіну қажет

Бұл шараны Ішкі істер министрлігі "Адам құқықтарының заңдылығын сақтау жөніндегі халықаралық бюро" және "Сана Сезім" әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы" акционерлік қоғамымен бірлесіп атқарды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Акцияның мақсаты – Қазақстан Республикасының аумағында құжатсыз немесе 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортымен тұратын адамдар ішкі істер органына жүгінуге құқылы екенін қоғамға жеткізу. Құжатсыз адамдардың көбі ТМД елдерінен жарамсыз паспортпен келген немесе 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорт иелері", – деді Ғани Шымырбаев.

Бөлім басшысының баяндауынша, шара шеңберінде 4 686 құжатсыз адам анықталды. Олардың 599-ы – Алматы, 541-і – Қарағанды, 426-сы – Түркістан, 
326-сы – Ақмола, 350 -і - Жамбыл облыстарында тұрады.
"2 431 адамға ҚР азаматының құжаты, 977 тұлғаға азаматтығы жоқ адамның куәлігі берілді. Кейін олар азаматтық ала алады", – деді Ғани Шымырбаев.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу