ҚТЖ басшысы Әлия Назарбаеваның компаниясына қатысты пікір білдірді

476

Ұлттық компания келісімшартты бірден бұзған жағдайда билеттердің онлайн сатылымы қолжетімсіз болар еді деп баса айтты. 

ҚТЖ басшысы Әлия Назарбаеваның компаниясына қатысты пікір білдірді Фото: Esquire.kz

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Instant Payments компаниясына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Бұл мәселе ұзаққа созылып кеткені бәріңізге мәлім. Мәселе туындаған кезде жоғарыда аталған акционер акционерлер құрамынан бірден шықты. Жанымда отырған министр Бағдат Мусин компанияның өзімен де келісімшартты үзуге болатынын біледі. Ондай болған күні біз онлайн-сатып алу қызметін көрсете алмайтын боламыз. Яғни үзілді-кесілді жұмысты тоқтата алмаймыз. Бірақ та бүгінгі таңда құжаттарды тапсыру актісін беру процесі жүріп жатыр, ашық конкурс өткен болатын", - деді Нұрлан Сауранбаев.

ҚТЖ басшысы конкурс негізінде бір компанияның жеңіске жеткенін баса айтты.

"Қазір аталмыш ЖШС-ден жаңа компанияға құзыретті беру процесі жүріп жатыр. 1 желтоқсанда аяқталады", - деп нақтылады спикер.

Айта кету керек, осыған дейін Жаңа жыл қарсаңында Алматы – Астана бағытында қосымша пойыздар жүретінін жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу