ҚТЖ Қытай мен Еуропа арасында 15 транзиттік бағытқа қызмет көрсетеді

870

ҚТЖ Қытай мен Еуропа арасында 15 транзиттік бағытқа қызмет көрсетеді

2016 жылы Қытай-Еуропа-Қытай контейнерлік тасымалы екі есеге – 581-ден 1212 пойызға артты. Мұны Түрікменстандағы көлік және логистика жөніндегі халықаралық конференцияда "ҚТЖ" АҚ логистика жөніндегі вице-президенті Санжар Елубаев хабарлады.

Оның айтуынша, бұл бағдардағы контейнерлік тасымал жоспарлы 94,6 мың ЖФЭ болса, ол 105 мың ЖФЭ-ге жеткізілді. Бүгінгі таңда компания Қытай мен Еуропа арасындағы 15 транзиттік бағдарға қызмет көрсетеді.

Оңтүстік-Шығыс Азия бағдарындағы қолданыстағы "Sea-Air" логистикалық тізбегін "Rail-Аir" көлігімен Дубай арқылы Еуропаға шығарудың жаңа бағдары қарастырылып отыр. 2016 жылы Амстердам, Ыстанбұл және Мәскеу бағдарында 9 пойыз жүреді.

Айта кетейік, ТККБ қатысушылар бұл бағдардағы жүк тасымалдауды дамыту жөнінде ұйымдастыру шараларын белсенді жүргізіп келеді.

Санжар Елубаевтың хабарлауынша, Ляньюньган портындағы Қазақстан логистикалық терминалы Ұлы Жібек жолы экономикалық белдеуін жаңғыртудағы орталықтардың бірі саналады. Бұл порт бастауын шығыстан алатын Еуразиялық құрлықтық дәліздің Шығыс пен Батыс арасындағы маңызды көпірі.

Айта кетейік, тараптар Қытай- Қазақстан-Түркменстан-Иран бағдарларына тұрақты контейнерлік пойыз ұйымдастыру, транзиттік жүк көлемін арттыру, жаңа бағдарларды игеру мәселесін талқылады. Келісім соңында арнайы хаттамаға қол қойылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу