Қытайлар Ақтау порты базасында контейнерлік хаб салмақ

321

Ал гибридті локомотив өндірісі 2025 жылы қолға алынбақ. 

Қытайлар Ақтау порты базасында контейнерлік хаб салмақ Фото: ҚТЖ

2 шілдедегі Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесі шеңберінде "ҚТЖ" мен қытайлық компаниялар арасында бірқатар құжаттарға қол қойылды. Соның ішінде "ҚТЖ" мен "Ляньюньган порты" Ақтау порты базасында контейнерлік хаб салуға инвестициялар туралы келіскен болатын, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бірлескен жоба контейнерлік жүктерді өңдеу және тиеп жөнелту бойынша қызметтер кешенін көрсету үшін Ақтау портындағы қолданыстағы инфрақұрылымның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ "KTZ Express", ресейлік "Славтранс-Сервис" және қытайлық Xi'an Free Trade Port арасында контейнерлік тасымалдар бойынша келісім жасалған. Бұл логистиканы едәуір жеделдетуге, электрондық сауданы дамытуға, кедендік рәсімдерді жеңілдетіп, сауда кедергілерін азайтуға жол ашады.

Осы кезде "ҚТЖ" мен CRRC келісімі шеңберінде алғашқы маневрлік локомотивтер Алтынкөл станциясына толық жеткізілгені жарияланды. Келісім шеңберінде 100 маневрлік және 100 магистральдық локомотив жеткізіліп, Қазақстанда жылжымалы құрамға қызмет көрсету сервистік орталықтарын ашу және инжинирингтік орталық құру жоспарланған. Маневрлік тепловоздар Қазақстанның климаттық жағдайларын ескере отырып жасалған, –40°C-тан +50°C-қа дейінгі температурада жұмыс істей алады, салмағы 135 тонна. Әрі дизель-генератор қондырғысы ҚР-да қабылданған экологиялық стандарттарға сәйкес келеді.

Ал гибридті локомотив өндірісі 2025 жылы қолға алынбақ. Жобадан күтер үміт көп, себебі CRRC Corporation Limited әлемдегі ең ірі теміржол көлігін өндіруші, әлемдегі локомотив өндірісі нарығының шамамен 50 пайызына иелік етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу