Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев Қуандық Бишімбаев рақымшылыққа ілінуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Журналистер "Қуандық Бишімбаев амнистияға іліге ме?" деп сұрады.
"Жоқ. Өлімге әкеп соқтырған қылмыстар бойынша сотталғандар рақымшылыққа ілікпейді", – деді Әсет Шыңдалиев Мәжіліс кулуарында.
Айта кету керек, былтыр мамыр айында бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды. Ол азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу