Қуандық Бишімбаевтың анасы бұрынғы келінін сотқа беріп, 25 млн теңге өндіріп алмақ

458

Бұл туралы Назым Қахарман әлеуметтік желіде хабарлады.   

Қуандық Бишімбаевтың анасы бұрынғы келінін сотқа беріп, 25 млн теңге өндіріп алмақ Фото: azh.kz

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахарман Альмира Нұрлыбекованың 25 млн теңге өндіріп алу туралы талап-арыз түсіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Назым Қахарман даудың басы 2011 жылдан бері өзі басқарған фитнес-клубпен байланысты екенін айтады. Оның сөзінше, бұрынғы қайын енесі екеуінің арасында сенімгерлік басқару туралы келісім жасалған.

Қахарманның мәлімдеуінше, некеде тұрған кезде бұрынғы күйеуінің туыстары одан бизнестен түскен табысты беруді талап етпеген. Алайда бұрынғы енесі арада бірнеше жыл өткен соң бұл қаражатты сот арқылы өндіріп алуға шешім қабылдаған.

"Маған шамамен 25 миллион теңге өндіріп алуға қатысты талап-арыз келіп түсті. Бұл – соңғы екі жыл ішінде олардың тарапынан берілген төртінші талап-арыз. Бірақ бұрынғы енемнің атынан алғаш рет талап қойылып отыр. Ал осы уақыт ішінде мен өз тарапымнан тек бір ғана талап-арыз бердім. Ол ата-ана құқығынан айыруға қатысты болды", – деді Назым Қахарман.

Айта кету керек, бұған дейін Назым Қахарман бұрынғы күйеуі Қуандық Бишімбаевтың жеке өмірі туралы кітап шығаратынын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу