"Хайуанаттар бағы емес": Бишімбаевтың түрмеде отырған суреті неге жарияланбайтыны белгілі болды

487

Жазасын өтеп жүрген азаматтың да өз құқығы болады. 

"Хайуанаттар бағы емес": Бишімбаевтың түрмеде отырған суреті неге жарияланбайтыны белгілі болды Фото: Жоғарғы сот

Сенатор Марат Қожаев бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың Степногорск қаласындағы колонияда жазасын өтеп жүргенін растайтын сурет неге жоқ деген мәселеге пікір білдірді, деп деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жазасын өтеп жүрген азаматтың да өз азаматтық құқығы бар. Егер ол өзін көрсеткенін қаламайтын болса, ешкім оны мәжбүрлей алмайды. Қатты айтсам айып етпеңіздер, бірақ бұл хайуанаттар бағы емес қой. Ресми тұлғаларға сену керек. Ол (ред. – Қуандық Бишімбаев) Степногорск қаласындағы қауіпсіздігі жоғары колонияда жазасын өтеп жатыр", – деді депутат Марат Қожаев Сенат кулуарында.

Айта кету керек, осыған дейін азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталғанын жазғанбыз. Бұрынғы шенеунік жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтеп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу