Бүгін Атырау облысында өткен сот процесінде Сұлтан Сәрсемәлиевке сөз берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сот отырысында ол қылмыстан соң қай елге барғанын айтқан. Оның сөзінше, 2025 жылдың қараша айында жалғыз өзі Меккеге аттанған. Негізгі себебі – істеген қылмысы үшін Құдайдан кешірім сұрау.
– Өлсем де Құдайдан кешірім сұрап өлейінші дедім. Басым ауған жаққа кеттім. Түркия арқылы Меккеге бардым, – деді Сұлтан Сәрсемәлиев.
Бірнеше күн бұрын ғана айыпталушы қылмыс жасамас бұрын алдында 3 таңдау болғанын айтып берген еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу