Күйік дәрежесі 60 пайыздан асса, өмірге өте қауіпті – Әлназарова

271

Қарағандыдағы апат салдарынан зардап шеккен 6 адам өте ауыр халде. 

Күйік дәрежесі 60 пайыздан асса, өмірге өте қауіпті – Әлназарова Фото: Үкімет

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қарағандыдағы ферроқорытпа зауытында болған апаттан зардап шеккен жұмыскерлердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Апат салдарынан зауыттың бір жұмыскері қайтыс болды. Ақмарал Әлназарованың сөзінше, науқас денесінің 85 пайыздан астамын күйік шалған. 

"Полиорганды жетіспеушілік себеп болды. Жүрекке, бүйрекке келетін тиісті асқынудан науқас көз жұмды. Күйік дәрежесі 60 пайыздан асса, өмірге өте қауіпті. Медицина тәжірибесінде күйік неғұрлым көп болса, өмірге төнетін қауіп соғұрлым жоғары болады. Алты науқас өте ауыр халде. Барлық тиісті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді ведомство басшысы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.

Айта кетейік, осыған дейін Қарағандыдағы апат салдарынан зардап шеккен жұмыскерлер ауруханаға неге жедел жәрдем көлігімен тасымалданбағанын жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу