Күйік шалған екі жігіт ауруханада көз жұмды

1443

Жарылыс себебі анықталып жатыр.  

Күйік шалған екі жігіт ауруханада көз жұмды

Атырауда газ баллонының жарылысы кезінде күйік алған үш адамның екеуі қайтыс болды. Жарақаты ауыр болғандықтан оларды аман алып қалу мүмкін болмаған, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

Қаладағы "Балауса" ықшамауданында 10 қараша күнгі түн мезгілінде болған төтенше оқиға жөнінде жазған болатынбыз. Өкінішке қарай, денелерінің 85-90 пайызына дейін күйік алып, II-III дәрежелі күйік деңгейімен облыстық аурухананың жансақтау бөлімшесіне жеткізілген 19 жастағы екі жігіттің біреуі 14 қараша, екіншісі 15 қараша күні көз жұмған.

"Екі пациент те өте ауыр халде жеткізіп, тыныс алу аппаратына қосылулы болды. Алайда олардың алған жарақаттары аман алып қалуға еш мүмкіндік бермеді", – деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Қазіргі күні қайғылы оқиғаның себеп-салдары тергеліп жатыр. Әзірге сот-сараптама нәтижесі жария етілген жоқ. Ал төтенше жағдайдың ізін ала өткізілген брифинг кезінде "ҚазТрансГазАймақ" АҚ Атырау өндірістік филиалының бөлім басшысы Құрманбек Өмірзақов "Өрт сөндірілгеннен кейін төтенше жағдай қызметі мамандарымен бірге оқиға орнын барып көрдік, газ қазандығы да, есептегіші де бұзылмаған, бүтін қалпында тұр" деп мәлімдеген болатын.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу