Құқық қорғаушылардың денеге сурет салдыруына бола ма

1817

Бұл туралы Ресей мен Қазақстанның прокуратура қызметкерлері Өскеменде өткен жиында бірге талқылады. 

Құқық қорғаушылардың денеге сурет салдыруына бола ма

Еліміздің прокуратура қызметкерлерінің Ар-намыс кодексінде қызметкердің өзін-өзі қалай ұстау керектігі, қоғамға жат қылықтардан аулақ болуы, өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланбау талаптары нақты көрсетілген. Алайда, кәсіби этикаға денедегі жазудың қарама-қайшылығы туралы ештеңе жазылмаған екен, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Осы мәселеге қатысты көрші елдегі жағдайды жиынға арнайы шақырылған құрметті мейман, Мәскеу мемлекеттік заң университетінің сот және прокурорлық-тергеу қызметін ұйымдастыру кафедрасының меңгерушісі Татьяна Отческая бөлісті. Оның айтуынша, кадр таңдауда бұл мәселеге қатты көңіл бөлінетін көрінеді.

"Біз өзіміздің студенттерге әлеуметтік желілерде өздерінің абырой-беделіне нұқсан келтіретін фотосуреттерді жарияламауға, денелеріне сурет салдырмауға үнемі кеңес беріп отырамыз. Себебі, оқуда қанша озат, кәсібилігі жоғары болса да, денесіне жазу жаздырған үміткердің құжаттарын кадрлық қызмет тіпті қарамайды да. Сондықтан жастар құқық қорғау органында жұмыс істеудің, әлде денеге жазу жаздырудың қайсысы маңызды екендігін түсінулері керек", - дейді Татьяна Отческая.

Ал Қазақстанда жоғарыдағы қызметке орналасуда тату жасатуға қалай қарайтыны жөнінде облыс прокурорының аға көмекшісі Дәулет Рамазанов айтып берді.

"Құқыққорғау органдарына қызметке қабылдау барысындағы біліктілік талаптарында міндетті жоғары заңгерлік білімінің болуы, соттылығының және әкімшілік жазалардың жоқтығы керектігі айтылған. Ал заңнамада татуировка туралы ештеңе айтылмаған. Ең бастысы, денеге жазу моралдік-этикалық нормаларға қайшы келмеуге тиіс", -дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу