Құлаған ұшақтағы жолаушылар арасында қазақстандықтар жоқ – ҚР СІМ

912

Бүгінгі таңда Иранда Қазақстан Республикасының 174 азаматы тіркелген.

Құлаған ұшақтағы жолаушылар арасында қазақстандықтар жоқ – ҚР СІМ

Бүгін Тегеранда украиналық ұшақ апатқа ұшырап, бортында болған 170 адамның бәрі де қаза тапты. ҚР Сыртқы істер министрлігі әуе кемесінде еліміздің азаматтары болған-болмағандығы туралы мәлімет берді.

"Иран Сыртқы істер министрлігінің Қазақстанның Тегерандағы елшілігіне берген алдын-ала ақпараты бойынша, украиналық авиакомпанияның құлаған ұшағының жолаушылары арасында қазақстандықтар жоқ. Сонымен қатар, қазақстандық консул консулдық есепте тұрған Қазақстан Республикасының барлық азаматтарымен байланысып жатыр. Бүгінгі таңда Иранда Қазақстан Республикасының 174 азаматы тіркелген",– деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу