Көкшетаудан Астанаға таксимен жеткен жолаушы құлағы нашар еститін жүргізушіге не үшін жолақы төлемегенін түсіндірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Тәртіп сақшылары Көкшетаудың 30 жастағы тұрғынын сол күні анықтады. Ер адамның айтуынша, ол 24 қарашада сапарға шыққан, бірақ ол қызмет үшін төлем жасамай, көліктен шығып кеткен. Ол қаржылық қиындықтары болғаны үшін осындай әрекетке барғанын айтты", – деп хабарлады өңірдегі полиция өкілдері.
Полиция жолаушымен профилактикалық әңгіме жүргізген. Сосын ол жолақысын толық өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу