Құлсарыда мопед мінген жасөспірім қаза тапты

425

Құлсары қаласындағы жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы 7 шілде күні болды.  

Құлсарыда мопед мінген жасөспірім қаза тапты Фото: azh.kz

Жол қиылысында мопед мінген 12 жастағы бала автобусқа соғылып, қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz сайты "Ақ жайық" басылымына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, "ПАЗ Вектор Некст" маркалы автобус бұрылып жатқан кезде, мопед қатты жылдамдықпен келіп, бүйірінен соққан. Қатты соққының салдарынан бала ауыр жарақат алып, шұғыл түрде аудандық ауруханаға жеткізілді.

Өкінішке қарай, жеткіншекті аман алып қалу мүмкін болмады.

Қазір бұл апаттың себебі анықталып жатыр. Тиісті сараптама тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу