Құлсарыда жасөспірімдер жол апатына түсіп, 5 адам зардап шекті

213

Құлсары қаласында 17 сәуірде түнгі сағат 02:10 шамасында Hyundai Elantra көлігін басқарған 2005 жылы туған жүргізуші Toyota Camry және ВАЗ-2115 көліктерімен соқтығысқан.  

Құлсарыда жасөспірімдер жол апатына түсіп, 5 адам зардап шекті Фото: Видеодан скриншот

Бұл туралы Атырау облысының Полиция департаменті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Hyundai Elantra жүргізушісі, сондай-ақ көлікте болған 2006 және 2005 жылы туған жолаушылар мен Toyota Camry көлігінің 2007 жылы туған жүргізушісі мен оның 1983 жылы туған жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен Жылыой аудандық ауруханасына жеткізілді", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі – абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу