Құмар Ақсақалов оңтүстіккен көшкендерді пайызбен ғана есептеп жүр

835

СҚО әкімі оңтүстікке қайта көшіп кеткен тұрғындардың нақты санын айта алмады.

Құмар Ақсақалов оңтүстіккен көшкендерді пайызбен ғана есептеп жүр

Құмар Ақсақалов "Еңбек" бағдарламасы бойынша көшіп барған адамдардың кері қайтуына денсаулығы мен отбасы жағдайы кінәлі деген пікір айтты. Әкімнің айтуынша олардың солтүстікте тұрақтап қалуына барлық жағдай жасалған.

"Біз қазір оңтүстіктен келетін адамдарға арнап салынған үйлердің бәріне техникалық сараптама жасатып жатырмыз. Тепловизордың көмегімен жылу қайда кетіп жатқанын анықтаймыз. Ал ол ақауды үйді салған мердігер компаниялар кепілдік шарты аясында жояды. Оның мерзімі 2-3 жыл. Қоныс аударушылар айтқан ескертулердің бәрі қазір реттелді. Былтыр біздің өңірге 2200 адам келді. Биыл 1800 адам қоныс аударды. Кей адамдардың қайта көшіп жатқаны туралы деректер бар. Онсыз болмайтын сияқты. Кейбірі денсаулық жағдайына байланысты, кейбірі отбасылық мәселеге байланысты кетіп жатыр. Бірақ олардың саны көп емес. Қайтып жатқан адамдардың өзінен де сол туралы әңгіме көп қазір. Бұл бағдарлама керек бізге. Оны 2023 жылға дейін жалғастыру мәселесін қарастырып жатырмыз", - деген әкім нақты қанша адамның қайта оңтүстікке қайтқанын айтып бере алмады.

"2016 жылдан бері 6,5 мың адам көшіп келген. Осы жылдар ішінде шамамен 8 пайызы қайтып кеткен. Нақты қанша адам көшкенін айту үшін пайызды санға шаққанда қанша болатынын есептеу керек", - деді Құмар Ақсақалов.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу