Құмар Ақсақаловтың екі орынбасары қысқартылды

562

Ғани Нығыметов пен Тимур Сұлтанғазиев қызметінен босатылды.

Құмар Ақсақаловтың екі орынбасары қысқартылды

 

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауында айтылған облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің аппаратындағы мемлекеттік қызметшілерді оңтайландыру мақсатында Солтүстік қазақстан облысы әкімі Құмар Ақсақаловтың екі орынбасары қысқартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша және Үкімет қаулысына сәйкес облыс әкімі орынбасарларының екі штат бірлігі қысқартылды. Ғани Нығыметов пен Тимур Сұлтанғазиев қызметінен босатылды", – деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметі.

Ғ. Нығыметов 2020 жылдың мамыр айынан бастап облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Ішкі саясат мәселелеріне жетекшілік етті.

Т. Сұлтанғазиев 2021 жылдың желтоқсан айында облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Ол аймақтың ең қиын салаларының бірі – жұмыспен қамту және денсаулық сақтау саласына жетекшілік етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу