Құмар ойындар онлайн форматқа ауысуда - finprom.kz

639

Сарапшылардың айтуынша, интернетте сектордағы қызмет көрсету көлемінің өсуі жалғасуда.  

Құмар ойындар онлайн форматқа ауысуда - finprom.kz Фото: ramns.ru

2021 жылы онлайн режимде құмар ойындарды ұйымдастыру бойынша қызметтер көлемі 298,7 млрд теңгені құрады. 2020 жылы бұл көрсеткіш 2 млн теңге болса, 2019 жылы – 162 млн теңге, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

2021 жылы онлайн бәс тігу 64 млрд теңге болды. Ал, 2020 жылы – 4,4 млрд теңге, 2019 жылы – 331,4 млн теңге.

Ақпаратқа сәйкес, үстелдегі құмар ойындарын ұйымдастыру бойынша қызметтер көлемі (казино қызметтері) 2021 жылы 21,1 млрд теңгені құрады. 

Өткен жылғы 12 айдағы жедел деректерге сәйкес, құмар ойындарды ұйымдастыру және бәс тігу бойынша қызметтер көлемі (экономиканың қадағаланбайтын секторын есептегенде) 553,7 млрд теңгені құрады. Бұл 2021 жыдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,5 есе көп. 

Нақты көлем индексі – 680,3%. Қызметтердің нақты көлемінің жылдық өсімі 6,8 есені құрап отыр. 

Ресурстың жазуынша, 2022 жылдың нақтыланған деректері қандай болатынына болжам жасау мүмкін емес. Бұл көрсеткіштер осы жылдың ортасына қарай белгілі болады.

Өңірлік бөлініс тұрғысынан айтар болсақ, 2022 жыл бойынша экономиканың қадағаланбайтын секторын есепке алмай келтірілген жедел деректер бар.

Көрсетілген кезеңде сектордағы қызметтердің жалпы көлемінің 93,2%-ы Алматы облысына ғана тиесілі болды: 516,2 млрд теңге.

Бұдан бөлек Ақмола облысында да айтарлықтай көлем тіркелді: 37,5 млрд теңге.

Ал, Қызылорда (5,8 млн тг), Қарағанды (2,3 млн тг), Ұлытау (644,7 мың тг), Жамбыл (49,5 мың тг) және Батыс Қазақстан (20,2 мың тг) облыстарында, Алматыда (151,2 мың тг) төмен көрсеткіштер тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу