"Күнделік" платформасы рекорд көрсетті

1872

Министр қашықтықтан білім беру платформаларының негізгі нәтижелерін айтты.  

"Күнделік" платформасы рекорд көрсетті

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов төтенше жағдай кезінде қашықтықтан білім берудің жаңа форматының негізгі нәтижелерін айтты. Оның сөзінше бүгін танымал платформада бүгін 32 млн сессия жүргізілген.

"Қашықтықан оқу форматында оқуға толығымен көштік. Бүгін 3,2 млн бала білім алуға кірісті. Көпшілігі интернет, теледидар арқылы оқиды. Интернет арқылы 2,4 млн оқушыға "Күнделік", Daryn.Online, Bilimland және т.б. платформаларында білім беру басталды. "Күнделік" бағдарламасына бір күнде 2,2 млн оқушы кірді. Осы платформада 32 млн сессия өтті. Видео сабақтарды қайталап көруге болатын қолайлы Daryn.Online платформасында 300 мыңдай бала оқыды. Танымал платформаның бірі – Bilimland. Бүгін  осы платформаны 400 мыңнан астам оқушы пайдаланды. Бұл да қызықты платформа. Тиімді тренажерлер бар, қатемен жұмыс істеуге болады. "Күнделік" платформасында 32 млн сессияның жүруі үлкен рекорд. Жуырда egov платформасында 15 млн сессия өткен кезде көп деген едік. Бүгін бір ғана платформада осыншама үлкен жұмыс жүргізілді", – деді министр.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу