Күніне 100 мыңнан астам адам QR-код сканерлеп жүр

1439

Ashyq мобильді қосымшасы министрліктің балансына алынды. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.  

Күніне 100 мыңнан астам адам QR-код сканерлеп жүр

Министр Ashyq мобильді қосымшасы Aunit акционерлік қоғамының сүйемелдеуіне берілгенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мемлекет Ashyq мобильді қосымшасы өз қолына алды. Ashyq функциясын eGov мobile қосымшасында жүзеге асырдық. EGov мobile қосымшасы бар азаматтарға Ashyq мобильді қосымшасының қызметін пайдалану мүмкінігі беріліп отыр. Kaspi.kz мобильді қосымшасында да Ashyq мобильді қосымшасының функциясы жарияланды. Halyk bank-тің мобильді қосымшасына да Ashyq мобильді қосымшасының қызметі орнатылады. Басқа банктермен, кәсіпкерлермен де әріптестік орнатуға әзірміз", – деді Бағдат Мусин.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда 10 мыңға жуық кәсіпорын Ashyq мобильді қосымшасын қолданып отыр. 

"Бұл – Ashyq мобильді қосымшасы экономикаға серпін бергенінің дәлелі. 
Қазір күніне 100 мыңнан астам адам QR-кодты сканерлеп, түрлі қызметке жүгініп жатыр", – деді Бағдат Мусин.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу