Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында тиісті құжаттарсыз қомақты көлемде алкоголь өнімін одан әрі өткізу мақсатында заңсыз тасымалдау және сақтау әрекеттерінің жолы кесілді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Көкшетау және Петропавл қалаларының аумағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша жалпы көлемі 9,5 тонна спирті бар сұйықтық, бос пластик ыдыстар, дайын алкоголь өнімі табылып, тәркіленді. Құрамында спирті бар сұйықтықтың жалпы құны 18,5 миллион теңгеден асады", – деп жазылған хабарламада.
ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер жария етілген жоқ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу