Құрбан айтта қазақстандықтар 17 маусымда демалмайтын болды

1807

Құрбан айттың бірінші күні 16 маусым, жексенбіге түсіп тұр.

Құрбан айтта қазақстандықтар 17 маусымда демалмайтын болды Фото: religions-congress.org

Биыл Құрбан айттың алғашқы күні 16 маусымға түсіп тұр. Сәйкесінше қазақстандықтар 17 маусымда демалмайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚМДБ мәліметінше, Ислам дінінде қасиетті күндер, түндер және айлар қамари жыл санауы негізінде анықталады. Мұндай жыл санақ ай фазасының өзгеруіне қарай есептеледі. Жаңа айдың (һиләлдың) көрінуімен жаңа ай басталады. Қамари ай кейде 29 не 30 күн болады.

"Ал арапа күні ораза тұту – сүннет. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Арапа күні ораза ұстау арқылы Алладан өткен және келесі жылдың күнәсін кешіруді үміт етемін", – деген", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу