Құрт шыққан балықтар Ресейден жеткізілген

2303

Дүкен басшысы өнімдерді тасымалдаушыға қайтарып берді.

Құрт шыққан балықтар Ресейден жеткізілген

Солтүстік Қазақстанда минтай балығынан құрт шықты. Бұл туралы облыстық тұтынушылар және кәсіпкерлер құқығын қорғау қауымдастығының төрайымы Надежда Дубовая айтты, деп хабарлайды 24.kz.

Оның айтуы бойынша Петропавл қаласының тұрғыны облыс орталығындағы сауда орындарының бірінен балықты сатып алып, пісіріп жеп жатқанда кезде оның ішінен бірнеше құртты анықтаған. Ал дүкен басшысы болса, бұл өнімдерді тасымалдаушыға қайтарып берді.

Айта кеткен жөн, 7-8 тонна балық көршілес Ресей елінен әкелінген.

"Жәбірленуші сатып алған балықтарды санитарлық эпидемиологиялық станцияға апарған. Зертханада тексеріс жұмыстарын жүргізген мамандар анизакид, скребни және дифиллоботриоз паразиттерін анықтады. Қазір тиісті органдар осы оқиғаға қатысты тексеріс жұмыстарын бастамай отыр. Сондықтан енді біз прокуратураға шағым түсіретін боламыз", - дейді Надежда Дубовая.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу