Атырауда Ұлттық ұлан жауынгері түрмедегі бауырына келген азаматшаны тексерген кезде марихуанаға және ақ түсті гашишке ұқсас есірткі тапты.
"Батыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 5546-әскери бөлім сержанты Эльмира Бегімбаева 3 мамыр күні сағат 12.30 шамасында қылмыстық-атқару жүйесі УГ 157/9 мекемесінің қызметкерлерімен бірге сотталған У-ға келген С. деген азаматшаның жеке заттарын қараған. Сол кезде құрттың арасынан марихуанаға ұқсас өсімдік заты, сондай-ақ ақ түсті гашиш іспеттес ұнтақ шыққан. Тыйым салынған заттардың тәркіленгені жөнінде бірлескен акт түзіліп, түзету мекемесі қызметкерлеріне берілген, сол бойда оқиға орнына Атырау қалалық ішкі істер басқармасының жедел тергеу тобы шақыртылған.
Қырағылығы мен кәсіби шеберлігі үшін Ұлттық ұлан жауынгері ынталандыруға ұсынылды.