Құрық портындағы паром кешені пайдалануға берілді

982

Құрық портындағы паром кешені пайдалануға берілді

Президент Нұрсұлтан Назарбаев  Каспий теңізіндегі Құрық портында салынған паромдық кешенді пайдалануға беруге рұқсат етті, деп хабарлайды "Интерфакс-Казахстан".

"Құрық –  Кавказ бен Еуропаға шығатын қақпа. Ол көптен күткен, дамыту мен жаңғырту үшін аса қажет жобамыз", – деді Президент Индустрияландыру күні шеңберіндегі жалпыұлттық телекөпір барысында.

Жобаның құны 32 млрд теңге, делінген "Атамекен" Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы ұсынған материалда. Кешеннің өндірістік қуаты жылына 5,1 млн тонна жүк жөнелтеді.

Бұған дейін "Қазақстан темір жолы" компаниясы мәлім еткендей, кешен астық, мұнай өнімдері, тыңайтқыш, химикаттар және өзге жүктерді Каспий аймағындағы көршілес мемлекеттерде өткізуге бағдарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу