Құрылғанына жарты жыл болған Су ресурстары министрлігі тасқын туралы неге білмей қалды?

311

Тиісті ведомство 2023 жылдың 1 қыркүйегінде құрылды.

Құрылғанына жарты жыл болған Су ресурстары министрлігі тасқын туралы неге білмей қалды? Фото: ТЖМ

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов ведомствоның жұмысына тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Шынында да, министрліктің жұмыс істегеніне 6 ай. Алдымызда негізгі үш міндет болды. Біріншісі – құқықтық базаны қалыптастыру. Жаңа Су кодексінің жобасы Мәжілістің жұмыс тобында қаралып жатқаны белгілі. Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Қазір осы концепцияны іске асыру үшін кешенді жоспар әзірленіп жатыр. Осыдан кейін министрлік барлық гидротехникалық құрылыстардың инвентаризациясын жүргізді. Бұл жұмыстарды желтоқсан аяғына дейін аяқтадық", - деп жауап берді ведомство басшысы.

Бұдан бөлек әр жергілікті атқарушы органдармен ирригациялық жүйелерді жөндеу, су қоймаларын салу, су үнемдейтін технологияларды енгізу бойынша жекелеген жоспарлар бекітілген.

"Іс-шаралар жоспары бар. Үшінші міндет – трансшекаралық өзендер бойынша ынтымақтастық мәселелері", - деді Нұржан Нұржігітов.

Осыған дейін, Қазгидромет басшылығы желтоқсаннан бастап тасқын қаупі бар аймақтар туралы болжамды әкімдіктерге жібергенін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу