Құрылтай сайлауында бюллетеньдегі партиялардың орналасу реті белгілі болды

249

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында Құрылтай сайлауына арналған жеребе тарту рәсімі өтіп, саяси партиялардың сайлау бюллетеніндегі орналасу тәртібі айқындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Құрылтай сайлауында бюллетеньдегі партиялардың орналасу реті белгілі болды Фото: atpress.kz

Жеребе қорытындысына сәйкес, бюллетеньде партиялар мынадай ретпен орналастырылады:

1. "Әділет" партиясы;

2. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП);

3. Қазақстанның "Байтақ" жасылдар партиясы;

4. Қазақстан Халық партиясы;

5. "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;

6. "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы;

7. Respublica партиясы.

Еске салайық, бұған дейін ҚР Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына қатысатын 7 саяси партияның партиялық тізімдерін толық тіркеген болатын. Жалпы 145 депутаттық мандатқа 545 кандидат үміткер ретінде тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу