Құрылтайда этиканы бұзған депутаттар қандай жазаға тартылатыны белгілі болды

201

Бірқатар жаза түрлері көзделген.   

Құрылтайда этиканы бұзған депутаттар қандай жазаға тартылатыны белгілі болды Фото: dknews.kz

Құрылтай вице-спикері Дания Еспаева этика бұзған депутаттарға қандай жаза қолданылатынын түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Депутаттар әдеп бұзған жағдайда оларға қатысты қолданылатын бірқатар тәртіптік жаза түрлері қарастырылған. Құрылтайда осы мақсатта әдеп жөніндегі кеңес құрылады. Депутаттарға қандай жаза қолданылатынын осы кеңес шешеді.

"Біріншісі бұл сөгіс жариялау. Екіншіден, депутат көпшілік алдында кешірім сұрауы тиіс. Үшіншіден, депутатқа Құрылтайдың бір отырысында сөз беру құқығының берілмеуі сияқты шара қолданылуы мүмкін. Әрі қарай үш отырыста сөз беру құқығын шектеу сияқты норма бар. Сонымен қатар депутатты отырыстан шығару, бір күндік жалақысынан айыру да бар", – деп түсіндірді Дания Еспаева.

Оның сөзінше, депутаттық әдеп жөніндегі кеңес заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер мен шағымдарды қарайтын болады. 

Айта кету керек, бұған дейін  ұлттық компания басшылары Құрылтай алдында қаншалықты жиі есеп беретінін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу