Құрылыс саласын цифрландыру қалай жүріп жатыр?

207

Құрылыс саласында 22 мемлекеттік қызмет бар. 

Құрылыс саласын цифрландыру қалай жүріп жатыр? Фото: Web-automation.ru

Оның 20-сы "Электрондық үкімет" порталы арқылы электрондық форматта, қалған екеуі қағаз түрінде ұсынылады. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сөзінше, әкімдіктерде құрылыс нысандары және олармен байланысты құжаттардың цифрланбаған базасы бар. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі Бірыңғай геопорталға айналады. 

"Жүйе сәулет-жоспарлау тапсырмасын, жобалардың техникалық шарттарын беру кезінде бас жоспарлар мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларындағы деректерді форматты-логикалық бақылауды деректерді валидациялау және бизнес-процестерді цифрландыру арқылы жүргізуге мүмкіндік береді. Геопортал халық пен бизнесті бекітілген қала құрылысы регламенттеріне сәйкес елді мекендердің аумақтарын игерудің өзекті деректері және мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде шешімдердің ашық қабылдануын қамтамасыз етіп, заңсыз нүктелік құрылыс мәселесін шешуге мүмкіндік береді", - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Айта кету керек, осыған дейін елдегі баспана бағасы қалай  құбылатынын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу