2020 жылдың қаңтар және қазан айлары аралығында құрылыс саласындағы капиталдық инвестиция көлемі 57 миллиард теңге болды. 2019 жылғы көрсеткіштен 40,2%-ға қысқа. Бұл туралы Finprom.kz хабарлады.
Былтыр салым көлемі бір жылда 23,3%-ға өсіп, 95,4 миллиард теңгеге жеткен еді.
Салым мөлшері жөнінен Атырау облысы (9,9 млрд тг), Шығыс-Қазақстан облысы (7,1 млрд тг), Алматы қаласы (9 млрд тг) көш бастап тұр. Ал ең аз инвестиция құйылған облыстар мыналар: Ақмола (140,4 млн тг), Қызылорда (352,1 млн тг), Ақтөбе (647 млн тг).
Елдің барлық өңірінде дерлік инвестициялық белсенділік төмендеді. Тек төрт облыста көрсеткіш өскен: Маңғыстау (2,8 млрд тг), Жамбыл (1,8 млрд тг), Қостанай (3,8 млрд тг) және Түркістан (1,8 млрд теңге).
Табиғат Нұрболат