Құрылысы бітпей жатып, қаржысын аударып берген

590

Жамбыл облысында Қордай аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы жобаның 14 пайызы да орындалмаған құрылысқа қаржысын толық аударып жіберген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құрылысы бітпей жатып, қаржысын аударып берген Фото: inbusiness.kz

Маңғыстаулық "НұрҚұрылысболашақ" ЖШС Қордай ауданында көп қабатты екі тұрғын үй мен спорт кешенін салып беруі керек болған.

Бітпей жатып қаржысын алып, қалтаға басып үлгерген мердігерлер спорт кешенінің құрылысын сол күйі аяқтамаған.

Жамбыл облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Жүсіп Берлібай құжаты да, құрылысы да қолдан-қолға өткен нысанның уақтылы аяқталмауына аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы тікелей жауапты екенін айтты.

"Бұл жерде тапсырыс беруші тарап "НұрҚұрылысболашақ" ЖШС-іне артықшылық беріп отыр. Құрылы аяқталмаған спорт нысанының пайдалануға беру уақыты негізсіз ұзартылған", - дейді Жүсіп Берлібай.

Ал Қордай аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Елдос Меңдекеев жобаны уақытымен аяқтаймыз деген мердігерге сеніп қалғанын айтады.

Айта кету керек, тура осындай жағдайға Тараз қалалық құрылыс бөлімінің басшысы да жол берген. Мұнда да "Бином" жауапкершілігі серіктестігіне 500 миллион теңге қаражат құрылыс аяқталмай жатып, аударылып кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу