Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева құс тұмауына қарсы вакцина жыл басынан бері бөлініп келе жатқанын айтады. Ал індет өршіп тұрған өңірлерге республикалық қордан тағы да 1,4 млн доза вакцина бөлінген.
"Ол 4,7 млн басты вакциянациялауға мүмкіндік береді. Жуырда қосымша 1 млн доза вакцияна қарастырылады. Ол 3,5 млн бас құсқа жетеді. Айта кету керек жыл басынан бері Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті өңірлерге 3,4 млн доза құс тұмауына қарсы вакцияна таратты. Ол алдын ала жеке адамдардың иелігіндегі 11,8 млн құсты вакцинациялауға мүмкіндік берді", – деді вице-министр.
Гүлмира Исаева сөзінше жалпы 46,7 млн құстың 14,7 млны жеке шаруалардың иелігінде. Ал алдын ала вакцинациялау оларды төнген қатерден сақтап қалуы мүмкін.
Құралай Құдайберген