Құстарға арналған дәрумен шығаратын биозауыт ашу жоспарлануда

1092

Қанаттыларға арналған дәрумендер мен вакциналар шетелден жеткізілуде.

Құстарға арналған дәрумен шығаратын биозауыт ашу жоспарлануда

Елімізде құстарға арналған дәрумендер мен вакциналар шығаратын биозауыт ашу жоспарлануда. Бұл туралы құс өсірушілер одағының президенті Руслан Шарипов айтты.

"Қазіргі кезде бізде құс "тұқымдары" жоқ. Оларды шетелден алдырамыз. Бұдан бөлек құрал-жабдықтар мен қажетті дәрумендер де өзге елден келеді. Бізде жемнен басқа ештеңе жоқ десе де болады. Сондықтан, Ресей, Беларусь сынды елдермен бәсекелес болу оңай емес", – дейді одақ президенті.

Қазіргі кезде құс өсіру саласын дамыту бағдарламасы жасалыпты. Соған сәйкес, елімізде құс фабрикаларын салудан бөлек, қанаттыларға арналған дәрумендер мен вакциналар шығаратын биозауыт ашу жоспарлануда. 

"Қазір бізде жемге қосатын дәрумендер шығаратын 3-4 кәсіпорын бар. Бұл кәсіпорындар жыл сайын өндіріс көлемін арттырып келеді. Болашақта олар 100% қажеттілікті өтеуі мүмкін. Сонымен қатар, екінші реттік "асыл тұқымды" екі құс фабрикасы жұмыс істейді. Бірақ бізге бірінші реттік фабрикалар қажет", – деді Руслан Шәріпов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу