"Құтқарушы мамандарға да психолог керек"

498

Бұл туралы ШҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі Жедел-құтқару жасағының психологы Оксана Петрова айтты.

"Құтқарушы мамандарға да психолог керек" Фото: Massaget.kz

Ол ТЖ жүйесінде 12 жыл қызмет етеді, деп жазады inbusiness.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оксана Петрованың сөзінше, психологтар құтқарушыларға түрлі жағдайларда бағыт-бағдар бере алады. 

"Құтқарушы да адам. Олар да жарақат алады, шаршайды, отбасыларымен қарым-қатынастары бар. Психолог болса қандай да бір мазасыздықпен, жағдаймен және тұлғааралық қатынастарда қалай әрекет ету керектігі туралы ұсыныстар беріп,  бағыттай алады. (...) Психолог әр құтқарушының бүкіл қызмет ету кезеңінде олармен бірге жүреді. Қызметке немесе жұмысқа үміткерлер психологпен міндетті сұхбаттасудан өтеді. Бұл – алдын-ала кәсіби іріктеу", - деді психолог ведомствоның баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Маман азаматтарға психологиялық көмек көрсету үшін 200-ден астам оқиғалар мен төтенше жағдайларға қатысқан.

Бұдан бөлек жедел-құтқару жасағының психологы жұмыс барысында есте қалған сәттермен де бөлісті. 

"Риддерде орман өрті болған кезде дәрігерлердің қатысуымен бірге адамдармен жұмыс істедік. Бұл тактика жақсы нәтиже береді. Олар медициналық көмек көрсетіп жатқанда, мен зардап шеккендерге "жол" таптым деуге болады. Ең бастысы олар өздерінің қиындықтарына әлемнің бей-жай қарамайтынын, жандарында көмекке келуге даяр адамдардың бар екендігін сезінуі тиіс. Мен топта кейбіреулердің ашылатынын, ал енді басқасының керісінше байланысқа бармайтынын байқадым", - деп атап өтті маман.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу