Құтқарушылар Ақмола облысының өзендеріндегі мұздарды жаруда

536

Жалпы, мұндай жұмыстар облыстың 10 ауданында 70-тен астам учаскеде жүргізілетін болады. 

Құтқарушылар Ақмола облысының өзендеріндегі мұздарды жаруда

Ақмола облысында құтқарушылар мұздың ағуы кезінде кептелістің алдын алу үшін өзендердегі мұздарды жаруда, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

"Мұздың ағуы кезіндегі кептелуді азайту үшін Ақмола облысында төтенше жағдайлар департаменті Есіл, Нұра, Жабай, Қалқұтан, Жылан және басқа өзендердегі мұз қабатын әлсірету үшін жарылыс жұмыстары жүргізілуде. Жарылыс жұмыстары 11 наурызда басталды", - делінген хабарламада.

Жалпы, мұндай жұмыстар облыстың 10 ауданында 70-тен астам учаскеде жүргізілетін болады.

Құтқарушылар жергілікті тұрғындарға наурыздың 11-нен 20-на дейін "ауылдар маңында жарылыстар естіліп, өзендердің ашық учаскелері бар мұз  сынықтары мен үйінділер пайда болады" деп ескертеді және осыған байланысты дүрбелең тудырмауды, апаттың алдын алу үшін жарылғаннан кейін мұз үстіне шықпауды сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу