Құтқарушылар Алматы облысындағы сел бойынша мәлімдеме жасады

508

Табиғи апат Кеген ауылында тіркелді.

Құтқарушылар Алматы облысындағы сел бойынша мәлімдеме жасады Фото: Ашық дереккөзден

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті Кеген ауданы Саты ауылындағы сел бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Құрметті БАҚ өкілдері! Осы мәселе бойынша бірқатар жарияланымда бұл оқиға өткен тәулікте болғаны жазылмаған. Осыған байланысты қоғамда оқиғаның бүгін болып жатқаны туралы пікір қалыптасты. Кеген ауданының Саты ауылындағы көшелерді су басқаны туралы бүгін тараған фотосуреттер мен видеолар кешегі жағдай екенін атап өткен дұрыс. Бүгінгі таңда аталған елді мекенде жағдай тұрақты, су басып жатқан жоқ", - деп мәлім етті департаменттен.

Естеріңізге сала кетейік, кеше 6 шілдеде Саты ауылында сел жүрді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу